Кәсіпорыннан материалдарды қолды қылған қарағандылық анықталды

494
Кәсіпорыннан материалдарды ұрлап кеткен қарағандылық анықталды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

4 қыркүйекте Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Белгісіз біреу құрылыс алаңынан электродтарды, шүмектерді, клапандарды және биметалдық жылыту радиаторын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 325 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкері күдікті – 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.