Еліміздегі такси жүргізушілеріне рөлде 8 сағаттан артық отыруға тыйым салынбақ

1 270

Елдегі демалыссыз жұмыс жасайтын такси жүргізушілеріне шектеу қойылмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ішкі істер министрлігі жеке такси жүргізушілерін жолға шығар алдында медициналық тексерістен өтуге міндеттеп, көлікті сегіз сағаттан артық айдауға тыйым салуды көздеп отыр.


"Тағы бір бөлек мәселе – заңсыз тасымалдаушылар (индрайвер, яндекс). Көбіне олар пайда табу үшін тоқтаусыз, ұйқысыз және демалыссыз аймақтар арасында жүреді. Олар пайдаланатын автокөліктер қауіпті, тозған, қайта жабдықталған, басқару тетігі оң жақта, ал жүргізушілер жолаушыларды тасымалдау ережелерінің талаптарын орындамайды", - дейді Қожаев үкімет отырысында.


Осыған байланысты ІІМ интернет-агрегаторларды пайдаланатын жеке такси жүргізушілерін рейс алдында медициналық тексерістен өтуге және автокөлікті күнделікті тексеруге, сондай-ақ жылына 2 рет техникалық байқау өтуге міндеттеуді ұсынып отыр.


Бұған қоса Қожаев жүргізушінің рөлде 8 сағаттан артық отырмауын қарастыру қажет екенін атап өтті.