75 жастағы зейнеткер аурухана маңында үсіп қалған

1 507

Фото: Instagram/volonterpetropavlПетропавлда кеше­ден бері хабарсыз кетіп, жоғалғандардың қатарында болған зейнеткер әйел аурухана маңында үсіп қалған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

75 жастағы әйел 14- ші қаңтар күні сағат 13:00-де ауруханаға кетіп, қайта оралмағаны туралы ақпарат тараған. 15- ші қаңтар күні таңертең еріктілер әлеуметтік желіде полиция қызметкерлері зейнеткерді аурухана аумағынан тірі тапқанын хабарлаған. Алайда әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

Полиция зейнеткердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған. 

Аурухана әйелдің үйінен жаяу бірнеше минуттық жерде орналасқан. Зейнеткердің ұялы телефоны сөндірулі болған. Оның денсаулығын ескерсек, әйел қайда бара жатқанын түсінбей, бағытынан адасып кетуі мүмкін деген болжам бар.

“Іздеу жұмыстарына қалалық полиция басқармасы мен полиция департаментінің қызметкерлері, Арнайы жедел әрекет ету жасағы, Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері және еріктілер жұмылдырылды. Іздеу шараларына барлығы 60-тан астам адам қатысты. Ауа температурасының төмен болғандықтан іздеуді қиындатты. Жоғалып кетуі ықтимал деген нұсқа қарастырылып, оның баруы мүмкін деген жерлер тексерілген, көшедегі бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді. Алайда қараңғы батқанда жоғалған әйелдің қайда жүргені анықталмады”, – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Адемау Мендыбаева. 

15-ші қаңтар күні таңертең учаскелік инспектор қарт әйелді ауруханаға жақын орналасқан, адамдар сирек жүретін аймақтағы шаруашылық корпус маңындағы қоршау жанынан тауып алған.

“Әйелдің жағдайы өте ауыр болды, қатты үсіп кеткендіктен сөйлей алмады. Ол дереу жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, бірақ өкінішке қарай, оны аман алып қала алмады”, – деп хабарлады ведомство.