Хиджаб киіп, автоматпен жүрген қыздар жұртты шошытты

1 568

Lada.kzАқтау тұрғындарын хиджаб киіп, пулемет ұстаған қыздар қорқытты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі «Лада» басылымына сілтеме жасап.


«Біз 5-ші шағын ауданнан 4-ші шағын ауданға қарай жолды кесіп өтіп бара жатқанбыз. Толықтай қара киімге оранып алған екі қыз  «оқ ата» бастады. Шынымды айтсам, қорқып кеттім, өйткені мен олардың қолдарындағы ойыншық автомат екенін түсінбедім. Сосын мен ойыншық тапаншалардың дыбысына ұқсас «атылған» дыбыстарды естідім», - дейді қала тұрғыны. 


Полицейлер олардың 15-17 жас аралығындағы кәмелеттік жасқа толмаған қыздар екенін анықтады. Олар әзіл ретінде ойыншық қару сатып алып, Тик-Токқа видео түсірген. 


Балалардың ата-аналары кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйлерінен тыс жерде болғаны, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


«Қыздармен әңгіме жүргізіліп, олар профилактикалық есепке алынды», - деп хабарлады полицейлер. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.