Атырауда 30 жастағы жігітті бір топ ауылдасы жабылып өлтіріп кеткен

518

Атырауда 30 жастағы жігітті бір топ ауылдасы аяусыз соққыға жығып, қанжоса күйінде айдалаға апарып тастаған, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  “Астана” арнасына сілтеме жасап.


Аяқ-қолы сынған, басы жарылған азаматты ауыл тұрғындары тауып алып, ауруханаға апарған. Бірақ, жігіт есін жимастан, қабылдау бөлмесінде көз жұмды. Оны өлтірді деген күдікпен сол елдімекеннің 8 адамы ұсталды. 


Оларға  "Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру" бабымен айып тағылған.  


Бүгін күдіктілерге қатысты сот басталды. Егер олардың кінәлары дәлелденсе, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.