Нұрсұлтан Назарбаев 15 тәулікке қамалды

1 647

Фото: avtoshkolyexpert.ruАлматы полициясы Назарбаевты жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі CMN.kz сайтына сілтеме жасап.


2024 жылдың 4 ақпанында Сейфуллин даңғылы мен Табаяқова көшесінің қиылысында билік өкілдері Toyota Camry көлігін тоқтатты. Жүргізуші Нұрсұлтан Назарбаевтан алкогольдік мас болу дәрежесін анықтау үшін түтікке дем беруді сұраған.


Содан кейін экс-президенттің аттасы медициналық тексерістен өтіп, сот процесінен кейін 15 тәулікке қамауға алынды. Нұрсұлтан Назарбаев жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Полицейлер көлікті айып тұрағына алып барды.


Шешіммен келіспеген жүргізуші аппеляциялық шағым түсірген. 2001 жылы туған Нұрсұлтан Назарбаев өз өтінішінде дәлелді себепсіз тоқтатылғанын және алғашқы медициналық тексеруден нәтиже шықпағандықтан, алкогольдік мас болу дәрежесін анықтау үшін заңсыз қан тапсыруға мәжбүр болғанын көрсеткен.


Тараптардың пікірін тыңдаған Алматы қалалық соты 9 ақпанда бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды. Нұрсұлтан Назарбаев 15 күн қамауға алынып, жеті жыл бойы такси мен қоғамдық көлік қызметін пайдалануыға тиіс болды.