Теміржолда пойыз 11 жылқыны қағып кетті

1 511

Фото: ©Polisia.kz11 наурыз күні таңертең Ақмола облысындағы Торғай – Сілеті аралығында теміржол бойынша жол апаты болды, 11 жылқыны пойыз қағып кетті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

 Ерейментау – Алтынтау бағытымен келе жатқан жүк пойызының машинисі теміржолда жүрген жылқыларды көріп, пойызды шұғыл тежеуге мәжбүр болған. Пойыз 11 жылқыны қағып кеткен 23 минут кідіруге мәжбүр болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік полицейлері Ақмола облысындағы шаруа қожалықтарының бірінің 35 жастағы мал бағушысын анықталған.

- Ер адам темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Шұғыл тежеу жолаушылар мен пойыз бригадалары мүшелерінің өмірі мен денсаулығына орны толмас зиян келтіріп, темір жол көлігі қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Осыған байланысты көлік полицейлері үй жануарлары иелерінің теміржолдың бөлінген жолағында мал жаюға жол бермеуі және оларды қараусыз қалдырмауы тиіс екенін тағы да ескертеді, - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.