2GIS қосымшасында жарылыс туралы жазба қалдырған ер адам ұсталды

1 574

Фото: Қосымшадан скринАлматы полициясы 2GIS платформасында жарылыс жасау жөнінде қауіпті пікір қалдырған ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті діни бірлестіктердің қызметіне қатысты жарияланған материалдың астына “Жарып жіберетін жер” деген пікір жазған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қауіпті мазмұн туралы ақпарат «102» нөміріне түскеннен кейін, қалалық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел тексеру жұмыстарын бастаған.

Полицияның ресми мәліметінше, жедел шаралар барысында пікір қалдырған адамның жеке басы анықталды. Ол — 2004 жылы туған Алматы тұрғыны. Ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров интернет кеңістігіндегі кез келген қорқыту әрекеті қоғамға қауіп төндіретінін атап өтті:

“Мұндай “әзіліңдердің” салдары ауыр болуы мүмкін. Әрбір хабарлама тексеріледі және кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады”, – деді ол.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларды мұқият және жауапкершілікпен пайдалануға, қауіпті немесе заңға қайшы мазмұнды таратудан бас тартуға шақырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.