Қазақстандықтардың 3,3 миллиард теңге жалақысы төленбеген

1 582

Фото: kapital.kzЖыл басынан бері 15 мыңға жуық жұмыскерге 3,3 млрд теңге жалақы төленбеген. Заң бұзушылықты мемлекеттік еңбек инспекторлары анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 259 кәсіпорны 14,9 мың жұмыскерге 3,3 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымда жүргізілген тексерулер барысында 5,6 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталды», - деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.


Берешегі бар кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 222 ұйғарым берілді және 34,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.


Осылайша, 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 2,6 млрд теңге төленді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.