Қызылордада сексеуіл кесіп, оны сатқан қылмыстық топ ұсталды

1 558

Фото: Polisia KZ арнасыІшкі істер министрлігі Қызылордадағы ұлттық қорықтың сексеуілін заңсыз кесіп, оны сатқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сорақысы, полицияның мәліметіне сүйенсек, олардың заңсыз әрекеті туралы қорық инспекторлары білген болып шықты. Біле тұра, ақшалай сыйақы үшін сексеуіл кесіп, оны әкетіп жатқан топқа шара қолданбаған.

Полиция қорық инспекторлары параны жүйелі түрде алып отырған дейді. Қылмыстық істері ұзақ уақыт бойы ашылмаған күдіктілер өздерінің жазасыз қалатындарына әбден сенген көрінеді.

«Өздерін ешкімнің ұстап, ешкімнің жазаламайтынын білген олар қорық аумағындағы ерекше сексеуілді кесіп, оны сатудың оңтайлы схемасын құрып алған. Ағашты аралап, құжат дайындап, сататын орындары табылды. Тінту кезінде бірнеше мылтық, жүк көліктері, ара мен ақша табылған», - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.

Полиция қылмыстық топ кескен сексеуілдің орнына жаңа ағаш егіп, оны өсіру үшін ондаған жылдар кетеді дейді. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.