Аштық жарияласа да айлық көбеймеді. Қызылордада мұнайшылардың талабы орындалмады

449

Қызылорда облысындағы "Қуатамлонмұнай" компаниясында ереуілге шыққан 300-ден аса мұнайшының мәселесіне қатысты шешім қабылданды. Наразы жұрттың талаптары ақыры орындалмайтын болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Бір бұрын 320 жұмысшы мекеменің спорт залында таңннан кешке дейін аштық жариялап наразылық білдірген еді. Олар 10 жылдан бері бір тиын да көтерілмеген айлықтарын 50 пайызға көбейтсін деп талап еткен болатын. Осыған қатысты екі жақты комиссия құрылды. Компания басшылығы жұмысшылардың жалақысын тек 6-32 пайыз аралығында көтереміз деп шешкен.

Ал бірақ бұған қыстың суығы, жаздың ыстығына қарамай маңдай терін төккен мұнайшылар келіспейді. Сондықтан әкімдіктен көмек сұрап жатыр. 300-ден аса жұмысшы егер біздің мәселемізге ешкім құлақ аспаса, тағы да жұмысты тоқтатып, наразылыққа шығамыз деп бекініпті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.