Қазақстанда педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады

1 609

Фото: Мәжіліс“Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы” заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер мәжіліс қарауына жіберілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сонымен қатар "Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу" ілеспе заң жобасы жұмысқа алынды. 


Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовті сөзінше, жоба мемлекет басшысының отбасылық зорлық-зомбылыққа жауапкершілікті қатаңдату жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында депутаттардың бастамасымен әзірленді.


"Бұл заң жобалары мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленді. Жоба мемлекет басшысының зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату тапсырмасына және сайлауалды бағдарламасына толық сәйкес келеді", - деп атап өтті ол. 


Ол заң жобасында ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу және жазасын әлдеқайда қатаңдату; жәбірленушіні күтпей-ақ зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн-платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шаралар қабылдау құқығын беру; отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлқын өзгерту үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілетін беру; педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы арнайы норма қарастырылған. 


Оған қоса суицидті насихаттау үшін немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу; балаларға арналған интернаттық ұйымдарды оларға алдын ала ескертпей кез келген уақытта тексеру және т.б. бөліктері бар. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.