Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері пойыздарда тегін жүреді

226

Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметі алаңында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева мәлімдеді деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.



Спикер ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қолдауға арналған «Жеңіс» әлеуметтік жобасы

 биыл да жалғасын табатынын атап өтті.


«Жобаны осы салада маманданған кәсіби ҮЕҰ ретінде өтінім берген «Ұлттық еріктілер желісі» ҚБ жүзеге асырады. Аталған ұйымның ел ішінде қалыптасқан желісі бар. Жоба екі бағыттан тұрады. Біріншісі – ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, яғни олардың жас ерекшеліктеріне қарамастан материалдық және әлеуметтік қолдау көрсету. Сондай-ақ ҰОС ардагерлері мен 1935 жылдың 31 желтоқсанына дейін дүниеге келген тыл еңбеккерлері Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінің аумағындағы бағытта пойызбен ақысыз сапар жасай алады. Ол үшін билет кассасында ҰОС ардагерлері өздерінің куәліктерін, ал тыл еңбеккерлері арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалғандығы жайлы зейнетақы құжатын ұсынуы керек», – деді спикер.


Айта кетсек, жалпы, өткен жылы жоба аясында 200-ге жуық ардагер мен тыл еңбеккері темір жол көлігінде тегін жол жүру мүмкіндігін пайдаланған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.