Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала тұрғындарымен кездесу өткізбекші

343
Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы 27 желтоқсанда Қызылорда қаласының халқымен кездесуді жоспарлады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге Қызылорда қаласында 27 желтоқсан күні, сағат 15.00- 17.30 аралығында Достық үйінде тұрғындармен жеке қабылдау өткізеді.


Сондай-ақ, 17.30-да Достық үйінде халықпен кездеседі.

Жеке қабылдауға алдын-ала жазылу «E-gov», «E-otinish» бірыңғай порталы, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «e-Нәтиже» және қала әкімдігіне тікелей барып, жазбаша нысанда өтініш беру арқылы жүргізіледі.

Кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта нақты көрсетілуі қажет.


Қабылдау бойынша сұрақтарды 8(7242)40-11-91 (ішкі 7046), (ішкі 7051), (ішкі 7049) телефондары арқылы білуге болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.