Қазақстандық модель Қорлан Мәди Венеция кинофестивалінің қызыл кілеміне шықты

178

Фото: NewTimes.kz

Қазақстандық модель Қорлан Мәди алғаш рет Венеция кинофестивалінің қызыл кілеміне шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

79-шы Венеция кинофестивалі аясында Оливия Уайлдтың  «Не волнуйся, солнышко» дебюттік фильмінің премьерасы өтті. Қызыл кілемге қазақстандық модельден бөлек, Гарри Стайлс, Флоренс Пью, Джемма Чан, Крис Пайн шықты.
Фильм премьерасының нағыз жұлдызы басты рөлдердің бірін сомдаған Флоренс Пью болды. Актриса жарқыраған Valentinо көйлегін киіп келген. Ал қазақстандық модель салтанатты шараға Giambattista Valli-дің қара көйлегін таңдаған.
Қазақстандық БАҚ ақпараты бойынша, Қорлан Мәди – жарнамалық компаниялар мен Fendi, BVLGARI, Trussardi және Marni сияқты танымал брендтердің көрсетіліміне қатысқан Қазақстанның табысты моделі. Ол қазір Италияда тұрады.
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.