29 жастағы қыз құдықтың құбырына құлап кетті

1 576

Фото: видеодан кадрТүркістан облысында құдықтың құбырына құлаған 29 жастағы қыз шығарып алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгін сағат 09:18-де 1994 жылы туған азаматшаның Түркістан облысы Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан дренаж құдығына құлағаны туралы хабар түскен. 


Сағат 12:06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіріліп, 12:14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйінде шығарып алды.


Құтқару жұмысына ТЖД, жедел жәрдем, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылды.