Полицейлер отырған автобус өзенге құлап кетті

255

Үндістанда полицейлер отырған автобус өзенге құлап кетті, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Indian Express басылымына сілтеме жасап.  


Үндістанда Махараштра штаты мемлекеттік жол-көлік корпорациясының автобусы өзенге құлап кеткен. Оқиға кезінде көлікте 30 адам болған, оның 13-і қаза болған, - деп хабарлайды Indian Express.

Шамамен 15 жолаушы құтқарылған. Іздеу шаралары әлі де жалғасып жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Газет мәліметінше, қайтыс болғандардың туыстарына 1,2 миллион үнді рупиясы (15 мың доллар) төленеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.