Алматы облысында тауға кеткен екі адам жоғалып кетті

425
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 ақпан күні сағат 13:00 шамасында 20, 23 жастағы екі жігіт үйден SsangYong көлігіне мініп Ащыбұлақтағы саяжайға жол тартты, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Жігіттердің жоғалып кеткендігі туралы жақындары хабар берді. Іздестіру жұмыстарына ТЖД-нің жеке құрамынан 30 адам, қарда жүретін көлік пен 10 бірлік техника жұмылдырылды.

Із-түссіз жоғалғандар Ескелді ауданы, Қоңыр ауылының маңынан (Талдықорғаннан 30-40 шақырым) сағат 10:56 шамасында табылды. Олардың көліктері ұялы байланыс ұстамайтын таулы аймақта, қар құрсауында қалып қойған. Таңға жуық көліктегі дизель таусылған көрінеді. Жанармай құйып болған соң автокөлікті қар құрсауынан шығарып, Талдықорғанға жөнелттік, — деп мәлімдеді департаменттегілер.


Қазіргі уақытта екеуінің де жағдайы жақсы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.