"Мәсімовтің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысы бойынша ҰҚК ғимараттарын тастап шыққан" - Бас прокурор

321
Қаңтар оқиғасы кезінде Кәрім Мәсімовтің бұйрығымен ҰҚК қызметкерлері өз ғимараттарын тастап кеткен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 5 қаңтарда ҰҚК төрағасының орынбасары Садықұловтан жеке құрамның ғимараттан шығуға дайындығы туралы жазбаша бұйрық келіп түскен.

Мәсімовтің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысы бойынша ҰҚК ғимараттарын тастап шыққан. Сондай-ақ, басшылықтың пәрменімен Алматы және Жамбыл облыстарының ішкі істер департаменттерінің ғимараттары қараусыз қалдырылған. Ашығын айтайын, бұл басшылар әлсіздік танытқан. Бұл қызметкерлердің ішінара құлдырауына әкелді. Алматы мен Талдықорған екі күн бойы қарулы қарақшылардың қолында болды, - деді Асылов.


ҰҚК-нің үш облыстық департаментінің, Алматы облысының полиция департаментінің бұрынғы басшыларына және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істер сотқа жіберілді, сот процестері жүріп жатыр, - деді бас прокурор.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.