Туған қызын екі жыл бойы зорлап келген әке 20 жылға сотталды
Алматыда ер адам кәмелетке толмаған туған қызын екі жыл бойы зорлап келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігімен тіркелген қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеді.
ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес М. есімді азамат дереу уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Содан кейін сот оны қамауға алуға санкция берді. Күдіктінің кінәсі бірқатар сараптамалық зерттеулермен, жәбірленуші қыздың түсініктемесімен және тергеу әрекеттерімен дәлелденді", – деді Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
2023 жылғы 16 тамызда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М.есімді азамат ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қаз
Рус






