Қызылордада есірткі өсірумен айналысқан 3 фитозертхана анықталды

1 427

Фото: istockphoto.comБас прокуатура мәліметінше, есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 287 қылмыстық іс тіркеліп, 174 сотқа жолдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Нашақорлыққа қарсы күресті үйлестіру нәтижесінде аймақта есірткіні өсірумен айналысқан 3 фитозертхана анықталып, олардың қызметі толығымен жойылып, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, есірткі заттарын насихаттайтын 18  жарнамалық сайттар бұғатталып, есірткіні жарнамалайтын жазбалары мен граффитилерді жою шаралары жүргізілді.

Есірткіні жарнамалау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) 18 қылмыстық  іс қозғалған.

Жоба төңірегінде халыққа танымал оқырмандары ауқымды блогерлер арқылы әлеуметтік желілер мен пабликтерде есірткіге қарсы үндеулер туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 34 билборд, 835 брошюра парақшалары таратылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.