Біреудің жаңа туған сәбиін терезеден лақтырып жіберген әйел жұртты шошытты

302
Ресейдің тергеу комитеті басқа біреудің баласын перзентхананың терезесінен лақтырып жіберген 29 жастағы тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғады. 

Ресейдің Башқұртстан Республикасы бойынша Тергеу комитетінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 16 тамыз күні сағат шамамен 18:00-де бір әйел Стерлитамак перзентханасының үшінші қабатынан өзімен бірге бір палатада жатқан әйелдің жаңадан туған нәрестесін лақтырып жіберген. Нәресте алған жарақаттардан мерт болды.

Қазіргі уақытта 29 жастағы Стерлитамак тұрғынына қатысты жас баланы өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Оқиға орнында басшылық пен тергеу бөлімі, республиканың тергеу басқармасы аппаратының тергеуші-криминалистері тәртіп сақшыларымен бірлесіп жұмыс істеуде.
 Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.