Туған қызын зорлаған әке өмір бойына сотталды
Алматы қаласының 38 жастағы тұрғыны өзінің күйеуі туған қызын зорлады деп айыптады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қыздың анасы журналист Руслан Өтепбайға жүгінді.
Ер адамның туыстары әйел дүниеге таласып, оған жала жуаып жатыр дегенді айтты.
Журналист Руслан Өтепбай бұл іс бойынша қыздың әжесі мен әпкесінен сұхбат алды. Сұхбат барысында ер адамның кінәсіз екенін жақындары растап отыр. Олардың айтуынша, жәбірленуші қыздың жігіті болған, ал әкесі бұны біліп қойған соң оны соққыға жыққан. Осыған ренжіген қыз бен анасы осындай айып тағуға шешім қабылдаған болуы мүмкін деген пікір білдірілді.
Сот процесі барысында айыпталушының әпкесі де бұл іске күмән келтіріп, келіні мен қыздарының шындықты жасырғанын айтты.
Соттың шешімі бойынша, ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.