Шұлық шығаратын кәсіпорын іске қосылды

1 637

Фото: ашық дерек көзіТүркістандағы «TURKISTAN» индустриалды аймағында шұлық және шұлық бұйымдарын шығаратын кәсіпорын іске қосылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан мен Қытай инвесторларының бірлескен жобасымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды танысып, кәсіпорынды аралап көрді.

Бұл жобаның құны – 1 млрд теңге. Кәсіпорын күніне 32 мың жұп шұлық шығаруға қауқарлы. 30 жұмыс орны ашылған. Облыс әкімдігінің қолдауымен инвесторларға арнайы жер ұсынылған. Өндірістік браунфилд ғимаратымен қамтылған.


Инвесторлар шұлық фабрикасы толық қуатына жеткен соң Түркістанда костюм шығаратын жобасын да жүзеге асырмақ. Бұл жобаға 2,8 млрд теңге инвестиция салынады. Күніне 500 костюм тігіледі деп күтіліп отыр. Бүгін аталған жоба да таныстырылып, өнімдер жұртшылық назарына ұсынылды.


Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 2023 жылы Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, инвесторлармен келіссөздер жүргізген болатын. Сол келіссөздер нәтижесінде өңірде бірқатар жоба жүзеге асады деп жоспарланған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.