Жаттықтырушылар 40 миллион теңге қаражат жымқырған

1 617

Фото: Kazpravda.kzАстанада "Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ-да жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер беру арқылы ақша жымқырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше бұл мекемеде бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісі анықталған.


“Мәселен, 2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған. Іс жүзінде жиындар өткізілмеді, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырды. Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады”, – делінген хабарламада. 


Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынған.