Павлодарлық тұрғын өзіне пышақ сұғып, суицид жасамақ болған

170

Павлодар облысында ер адам өзіне пышақ сұғып, суицид жасамақ болған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 8 қарашада Ақтоғай ауданында болған.

«Сағат 11.16-да аудандық учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Қуаныш Қабдрахманов үйлердің бірінің ауласында мойын тұсынан пышақ сұғып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды байқаған. Оған жүгіріп жеткен полиция қызметкері бірден пышағын алып, жедел жәрдем шақырып, ауыл тұрғынына алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ер адамды әңгімеге тартып, тыныштандыруға тырысады», - делінген хабарламада.

58 жастағы ауыл тұрғыны ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Полицейдің қырағылығы мен үйлесімді әрекетінің арқасында өз-өзіне қол салу әрекетінің алдын алып, ауыл тұрғынының өмірін сақтап қалды.

«Қуаныш Қабдрахмановтың іс-әрекеті туралы полиция басшылығы ауыл тұрғынының туысы Рахимов Әлиханнан білді. Ол полиция басшылығына бейне өтініш жазып, онда туысының өмірін сақтап қалған полицейге шын жүректен алғыс білдірді”, - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.