Қызылордада мектеп оқушысының өлімінен кейін әкімдер жазаланды
Қызылорда облысында кәмелетке толмағандар арасындағы төбелестен кейін екі ауданның әкімі жауапқа тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Облыстағы Шиелі және Сырдария аудандарының әкімдері қатаң сөгіс алды. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмаған, төбелеске жол берген Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы, мектеп директоры, учаскелік инспектор қызметтерінен босатылады.
Қайғылы оқиғаға байланысты облыс әкімі жиын өткізді.
Қаз
Рус






