Концертте 120 бала жоғалды

211

Атырауда 15 мыңға жуық адам тамашалаған концертте 120 бала жоғалған деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарт агенттігі.

Балалар 15 минут пен 1 сағаттың арасында табылды.
Фото: скриншот из видео
Атырау қаласындағы «Исатай-Махамбет» орталық алаңында отандық эстрада жұлдыздарының гала-концерті өтті. Сағат 19:00 – 00:00 аралығында қойылған концерт кезінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты Атырау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері қамтамасыз етті. Полиция қызметкерлеріне «алаңда бала жоғалды» деген дерекпен 120-ға жуық арыз түскен.


«Концертті тамашалау үшін алаңға адам көп жиналды. Бұл ата-аналардың балаларынан көз жазып қалуына әсер етті. Полиция қызметкерлері жоғалған балалардың бәрін 15 минут пен 1 сағаттың аралығында тауып, ата-аналарына аман-есен тапсырды. Ал, 6 баланың ата-анасының мобильді телефоны өшіп тұрды. Соған байланысты полиция қызметкерлері балаларды мекенжайы бойынша үйлеріне жеткізді», – деп мәлім етті Атырау қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әнуар Кокалов.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.