Әскери бөлімде төтенше жағдай орын алды

1 514

Фото: ©Қорғаныс министрлігіПавлодардағы әскери бөлімшеде бір сарбаз қаза тапты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әскери бөлімшеде атыс оқиғасы орын алған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, келісімшарт негізінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің бірі қару қолданып, салдарынан өзі қаза тапқан. Оқиға барысында тағы бір сарбаз жарақат алған. Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жарақат алған азаматтың жасы - 25-те. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр екенін хабарлаған. Дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.