Метроның құрылысы кезінде 5 миллиард теңге жымқырған

1 511

Фото:© 2GisАлматы метрополитенінің құрылысы кезіндегі қаржы жымқыру ісі кассациялық тәртіппен қайта қаралды, нәтижесінде бұрын үшінші бір заңды тұлғаның шоттарынан табылған 127 миллион теңге мемлекетке қайтарылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

"Метрополитен" КМК лауазымды тұлғалары мердігер ұйымдардың басшылары және қызметкерлерімен алдын ала сөз байласу арқылы метрополитенді салу мен жабдықтауға бөлінген қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырған”,- деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Нәтижесінде мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілген. Алмалы аудандық сотының үкімімен "Метрополитен" КМК мен мердігер ұйымның 10 лауазымды тұлғасы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Олардың мүлкі тәркіленіп, келтірілген залалды ортақ тәртіпте өтеуге міндеттелді. Кассациялық тәртіппен сот актісінің заңдылығын тексеру кезінде жымқырылған қаражаттың 127 миллион теңгесі басқа заңды тұлғаның банк шоттарынан анықталған. Прокурордың кассациялық наразылығы бойынша сот актілері өзгертіліп, көрсетілген қаражат мемлекет пайдасына өндірілген.

“Аталған факт мемлекеттік қаржыға қол сұғушылық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын айқын көрсетеді және бюджет қаражатын пайдалану кезінде лауазымды тұлғалар мен өзге де қатысушылардың жоғары деңгейдегі адалдықты, заңдылықты және жеке жауапкершілікті сақтауға міндетті екенін айқындайды. Өйткені бұл саладағы кез келген заң бұзушылықтар мемлекет тарапынан ерекше бақылауда болады және қатаң құқықтық салдарға әкеледі”,- деп ескертті Бас прокуратура.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.