Кәмелетке толмаған қызды зорлаған 29 жастағы ер адам сотталды
Павлодарда жігіт жасөспірім қызбен желіде танысып, басқа қаладан келуге көндірген. Ер адам 18 жасқа толғанда үйленемін деп уәде беріп, жыныстық қатынасқа ертерек түскісі келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тергеу нұсқасы бойынша 17 жастағы қыз өткен жылы Павлодарға келген. 29 жастағы жігіт оған 18 жасқа толуын күтіп, бірден АХАЖ-ға баруды ұсынған. Қыз кәмелетке толғанға дейін ешқандай жақындық болмайды деп уәде берген. Алайда, сөзінде тұрмай, зорлық жасаған. Қылмыстық іс сотта екі бап бойынша қаралып, айыпты деп танылды.
Айта кетейік, прокурор жалпы 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Сонымен қатар сотталған азамат жәбірленушіге 2 миллион теңге моральдық шығын өтеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.