Тергеу изоляторында торттың ішінен телефондар табылды

1 527

Фото: ҚР ІІМАстана қаласында №64 тергеу изоляторының қызметкерлері «Қадағалау» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде тыйым салынған заттарды өткізудің әдеттен тыс әдісін әшкереледі,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының тұрғыны арнайы Астанаға келіп, тергеудегі азаматқа әсем безендірілген торт жеткізген. Алайда тексеріс барысында торттың ішіне мұқият жасырылған жеті мобильді телефон табылды.

Сырт көзге қауіпсіз көрінген тәтті сыйлықты изолятор қызметкерлері уақытында тексеріп, заңсыз әрекетті алдын алды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, заттарды өткізбек болған азаматқа қатысты процессуалдық шаралар қабылданды. Заңға қайшы әрекет жасаған адамның ісі сотқа жолданды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.