Президент қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады

212

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Ол бұл датаны ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам деп атады.

  
“Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз.  Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі.
Біз заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайларын және спорт кешендерін ашып жатырмыз. Үйірмелер мен секциялар да  ұйымдастырылған”,
– деді ол өз сөзінде. 


Тоқаев сондай-ақ, "Балалар жылы" аясында көптеген жаңа жобалар қолға алынғанын атап өтті.


"Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекет жылдан жылға бұл бағыттағы жұмысты күшейте түседі. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі  еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады”, – деді ол. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.