Ертеңнен бастап Батыс Қазақстанда шекара жолы жабылады

1 370

Фото: istockphoto.com2025 жылғы 12 ақпаннан бастап KAZ-10 "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы (Сырым өткізу пункті)" автожолының 263-265 шақырым аралығындағы учаскесінде көлік айрығының қайта жаңарту жұмыстарына байланысты қозғалысқа шектеу қойылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар "Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы" автожолының 0-36 шақырым аралығында қайта жаңарту жобасы жүзеге асып жатыр. Бұл жол "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолымен жанасады. Жоба бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан Мердігер "беде жапырағы" әдісімен көлік айрығын соғу және үйінді мен өтпежолды салу бойынша негізгі жұмыстарды бастайды. 

Өтпежолдың тірек бөліктерін орнатуға байланысты 2025 жылғы 12 ақпаннан бастап "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы (Сырым өткізу пункті)" автожолының 263-265 шақырым аралығындағы ұзындығы 1,5 шақырым учаскесі, сондай-ақ Атырау бағытындағы жол қиылысы уақытша жабылады. 

Қозғалыс негізгі "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолының сол жағындағы уақытша айналма жол (ұзындығы 2,2 шақырым) арқылы жүзеге асатын болады.


 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.