Марқұм Нұрай Серікбайдың қырық күндік асы өткізілді
Марқұмды еске алуға туған-туыстары, ұстаздары мен қала тұрғындары жиналған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Жиналғандар оның оқу үлгерімі жоғары, шығармашылық қабілеті бар және мінезі жұмсақ жан болғанын атап өткен.
Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желіде жазба жариялап, күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап еткен.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты іс Қылмыстық кодекстің "Аса қатыгездікпен адам өлтіру" бабы бойынша қайта сараланған.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Қаз
Рус






