Масаң күйде 7 қабаттан секірмек болған қызды полицейлер құтқарып қалды

1 547

Фото: Lada.kzТалдықорған патрульдік полициясының қызметкерлері мас күйінде құрылысы аяқталмаған ғимараттың 7 қабатынан секірмек болған қызды тоқтатып, суицидтің алдын алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Polisia.kz" сайтына сілтеме жасап.


Талдықорған полициясының 102-арнасына такси жүргізушісі қоңырау шалған. Оның айтуынша, қыз өзін құрылысы аяқталмаған, қараусыз қалған ғимараттың жанында қалдыруын сұраған. Такси жүргізушісі қыздың мас екенін, күйзеліске түскенін көріп, оның өміріне алаңдап, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. 


Оқиға орнына Бауыржан Жұмасилов пен Ернат Есімовтың құрамында "Бүркіт-162 " патрульдік полициясының жасағы шықты. Оқиға орнына келген полицейлер дереу құрылысы аяқталмаған ғимараттың соңғы қабатына көтеріліп, шатырдың шетінде отырған қызды тапты.



"Қыз мас болды, өзін агрессивті ұстады және полиция қызметкерлерінің өзіне жақындағанын қаламады. Алайда біздің қызметкерлер оны тыныштандырып, қайғылы жағдайдың алдын алды", - деді Талдықорған қаласы ІІБ бастығы Ернар Ширбаев.


Оқиғадан кейін қыз облыстық психикалық денсаулық орталығына жеткізілді, онда оған медициналық көмек көрсетіліп, профилактикалық әңгіме жүргізілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.