Түнде үйге басып кіріп, әйелді ұрып кеткен
Түркістан облысының Леңгір қаласындағы шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Алдын ала мәлімет бойынша түнгі уақытта белгісіз адамдар тұрғын үйге кіріп, жәбірленушіге дене жарақатын келтірген және ұялы телефонын алып кеткен", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Қазір әйелдің жағдайы тұрақты және оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Полиция күдіктілерді тезірек ұстауға бағытталған тергеу және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Қаз
Рус






