Атырауда үйлердің ауласында сарышаян пайда болған

397
Атырауда жеке тұрғын үйлердің ауласында сарышаяндар пайда болды деп- хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап

Сарышаяндардың пайда болғанына алаңдаушылық білдірген тұрғынның бірі – Данияр Әубекеров. Қазір ол Атырау қаласындағы «Нұрсая-3» шағынауданында тұрады.

«Қазір сарышаяндар мәселесі көршілердің арасында жиі талқыланатын тақырыпқа айналды. Көршілеріміздің кейбірінің ауласында бұл жәндіктің бірнеше түрі кездескен. Сарышаянның екі адамды шаққаны белгілі болып отыр. Зардап шегушінің бірі – ересек ер адам, екіншісі – бала. Менің балаларым да үйіміздің ауласынан сарышаянды көргенін айтты. Біз оларға сарышаянның қауіпті екені туралы ескертіп қойғанбыз. Сол себептен, олар сақтанып жүрді», - дейді Данияр Әубекеров.

Оның айтуынша, сарышаяндар Атырау қаласы маңындағы Еркінқала, Жұмыскер елді мекендерінде де байқалған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.