Ақтөбеде жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты

331
Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір отбасының төрт мүшесі көз жұмды. 

Оқиға 16-тамыз күні сағат 19:15-те "Самара-Шымкент" автожолының Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанында тіркелді.Шалқар ауданының 39 жастағы тұрғыны, "Nissan X-Trail" автокөлігінің жүргізушісі Қырғызстан Республикасының азаматының басқаруындағы "Volvo FH460" жүк көлігімен соқтығысты.

"Жол апаты салдарынан "Nissan X-Trail" автокөлігінің жүргізушісі, 40 жастағы жұбайы, 11 жастағы ұлы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмып, 5 жасар ұлы мен 10 жасар қызы Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Онда 5 жасар ұлы көз жұмды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі, яғни, «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды",- деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.