16 жастағы оқушы бір топ жігіттердің қолынан қаза болды

1 237

Фото: pixabay.comАлматы облысының полиция департаменті 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

4 қазанға қараған түні Талғарда жантүршігерлік қылмыс болды. Қолында пышақ пен қаруы бар бір топ жігіт 16 жастағы Шерзат, әкесі мен ағасына шабуыл жасаған. 

Қаза тапқан жігіттің ата-анасы полицейлер оқиғаға қатысты адамның бәрін ұстамағанын айтып, дабыл қаққан. 

Алматы облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғағанын хабарлайды. Оқиғаның барлық қатысушылары ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.