Қазақстандағы билогиялық қару зертханасы кімге тиесілі?

380

Cенат Қазақстанда жұмыс істеп тұрған биологиялық зертханалардың кімге тиесілі екенін түсіндірді. Бұл туралы шетелдік саясаткерлер мәлімдеме жасаған соң депутаттар бұл жайтты нақтылауға мәжбүр болды. Олар бұл нысандар Қазақстанда АҚШ-тың қаражатына әскери мақсатта және биологиялық қару жасау үшін салынған деген пікірлерін білдірді, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.


Бұл туралы Қазақстандағы биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын талқылау барысында айтылды.

Сенатор Ақылбек Күрішбаев биолабораториялардың қызметін нақтылады. Ол ғылыми мекемелер ерекше қауіпті патогенді микроорганизмдерге қарсы препараттар жасап жатқанын түсіндірді. Өлім деңгейі жоғары вирустар жоқ деді.

Арнаның мәліметінше, бұл құпия және жабық нысандар емес. Зертханалардың жұмысы мүлдем ашық. Ал құрылысы америкалық демеушілердің қатысуынсыз тек мемлекеттің ақшасына жүргізілген. АҚШ  мамандары зертханаға кеңес беру және тәжірибе алмасу үшін барғаны расталды.

“Бұл зертханалар Қазақстанға тиесілі және біздің өзекті экономикалық мәселелерімізді шешу үшін толығымен республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Олар шетелден грант алмайды, мұнда шетелдік ғалымдар жұмыс істемейді. Яғни, біздің зертханалар өз қызметінде шет мемлекеттерге есеп бермейді.  BSL-3 ғылыми зертханаларының құрылысын Қазақстан үкіметінің толық бақылауымен қазақстандық мамандар жүргізді”, – дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.