Петропавлда ірі су құбыры жарылды

190
Петропавлда ірі апат болып, бірнеше аудан сусыз қалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Қызылжар су» коммуналдық мекемесі баспасөз қызметінің мәліметінше Жұмабаев және Абай көшелерінің қиылысындағы учаскеде диаметрі 800 мм пластик су құбыры зақымданған. Апат салдары әлі де жойылып жатыр. Құбырдың жарылу себебі анықталып жатыр. 

«Құбыр жарылған кезде қысым төмендеп кетті. Салдарынан басқа аудандарда орналасқан үйлерге де су бармай қалды. Тәулік ішінде апат салдарын жоямыз деп ойлаймын. Мамандар жұмыс істеп жатыр», - дейді «Қызылжар су» ЖШС бас инженерінің орынбасары Ербол Нәбиев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.