Қызылордада ер адам бөтелкеге коньяк құйып, тергеу изоляторына өткізбекші болған
323
05.05.2022 жылы сағат 11: 30 шамасында Қызылорда қаласы ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіне келген Қ. есімді азаматтың азық- түліктері арасынан тыйым салынған зат тәркіленді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ол бұл күні мекемеде ҚР ҚК- нің 24- бабы 3- бөлігі 1- тармағымен( Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) айыпталып, қамауда отырған досына келген болатын. Сәлем- сауқатты қабылдау бөлмесіндегі қызметкердің жұмысына деген жауапкершілігі мен қырағылығының нәтижесінде, досына тосын сый жасамақшы болған азаматтың қулығы іске аспай қалды.
Екі бөтелкедегі тәтті шай мен коньякті бірден ажырату мүмкін емес. Алайда бұл азаматтың мұндай сұйықтықтардың да тексерілетінінен хабары болмаған. Бақылаушы бөтелкені ашып көргенде, спирттік ішімдік иісін бірден сезген. Осылайша тыйым салынған зат, яғни коньягі бар құты тәркіленді.Ал досын қуантпақшы болған азаматтың үстінен баянат толтырылып, ісі қалалық сотқа жіберілді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД