Алматы облысында Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қаза тапты

286
Фото: pixabay.comАлматыда Ұлттық ұланның 5571 бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты, деп хабарлайды   Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 






Алматыда Ұлттық ұланның 5571 бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 


Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлім етті.


"9 тамыз күні сағат 20.55-те қатты дауыл тұрып, сол желдің салдарынан сарбаздар орналасқан шатыр қалашығы бүліне бастаған. Қатардағы А.Н. Шахимов әріптестерінің қауіпсіз орынға шығуына көмектесіп жүріп шатырдан соңғы болып шыққан кезде, шатырдың темір жақтауы басына тиіп жарақат алған. Қатардағы Шахимовқа жедел медициналық көмек көрсетіліп, санитарлық көлікпен Қонаев қаласындағы қалалық ауруханаға жеткізілген. Қалалық аурухана дәрігерлері сарбаздың қайтыс болғанын растады", — деді ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіндегілер.


Қаза тапқан әскери қызметшінің жасы 19-да. Ол Ұлттық ұлан қатарына осы жылдың көктемінде Ақмола облысы Көкшетау қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен шақырылған екен.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.