Жол апатынан кейінгі дау төбелеске ұласып, бір адам қаза тапты
20- шы қаңтар күні Шымкенттегі Ерімбетов пен Рысқұлов көшесінің қиылысында жол апаты болып, соңы жаппай төбелеске ұласқан. Салдарынан 40 жастағы ер адам қаза тапқан. Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Екі көліктің жүргізушісі бір-бірімен жанжалдасып жатқанда олардың жанынан тағы бір көлік тоқтап, одан шыққан адамдар да жанжалға араласқан. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Алайда олардың біреуі көз жұмған.
Полиция болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады.







