Шымкентте өз үйінің жуынатын бөлмесінен ер адамның мәйіті табылды

342

Шымкентте 35 жастағы ер адамның денесі өз үйінен табылды. Мәйітті марқұмның туыстары байқаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Болжам бойынша, ол газдан уланып көз жұмған.

Қайғылы оқиға Низами көшесіндегі жер үйде болған. 1986 жылы дүниеге келген ер адамның мәйітін туыстары жуынатын бөлмеден тауып алыпты. Қазір марқұмның неден көз жұмғаны анықталып жатыр. Төтеншеліктер бұл үйде газ колонкасы тиісті талапқа сай орнатылмаған деп отыр. Ол жуынатын бөлмеге қойылған.

Үй-жайда газ колонкасы орнатылған. Онда желдету арнасының болмауы, газ жабдығын орнату қағидаларының бұзылуы анықталған. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды,- деді қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.