Ақмолада алтын іздемек болған ер адам тастың астында қалып қойды
335
Ақмола облысына қарасты Бестөбе кен орнында заңсыз алтын өндірмек болған ер адам тастың астында қалып, көз жұмды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға туралы аталған кен орны тиесілі ұйым хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, үш адам бос тұрған шахтаға түсіп, алтын өндіру мақсатымен 600 метр тереңдікке дейін бойлаған. Олардың бірі көз жұмса, екіншісі көптеген жарақат алып, ауруханаға түсті. Ал үшінші адамды полиция қызметкерлері ұстады.
Ұсталған ер адамның айтуынша, руда шығармақ болғандар тастың астында қалған. Қайтыс болған және жарақат алған адамдарды шахтаның аузына жеткізу үшін жер астындағы өзге де алтын іздеушілер көмектескен.
Компанияның ресми мәліметінше, заңсыз алтын іздеушілер табылған орын бір жылдан бері жұмыс істеп тұрған жоқ. Вентиляция мен өзге де инженерлік желілер ажыратылған. Бұл аталған шахтада бір аптаның ішінде болып отырған екінші адам өлімі екенін айта кеткен жөн.