70-ке жуық мемлекет ауған халқына көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
330
Еуроодақ пен 67 мемлекет Ауғанстан билігін "Талибан" қозғалысы басып алғаннан кейін бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz АҚШ Мемлекеттік департаменті сайтына сілтеме жасап.
Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес, "Талибан" қозғалысына Қазақстанда тыйым салынған.
АҚШ, ЕО-ның Сыртқы істер жөніндегі жоғары өкілі, Ұлыбритания, Канада, Германия, Австралия, Польша, Украина, Оңтүстік Корея, Африка мен Латын Америкасының кейбір мемлекеттері елден кеткісі келетіндерге мүмкіндік жасау керек екенін, Ауғанстан азаматтарына көмектесуге дайын екенін білдірді.
"Ауғандар мен кеткісі келетін шетелдіктерге кетуге рұқсат берілуі керек. Жолдар, әуежайлар мен шекаралар ашық болып, тыныштық сақталуы тиіс. Ауған халқы қауіпсіз және лайықты өмір сүруге лайық. Біз халықаралық қоғамдастықта оларға көмектесуге дайынбыз", - делінген хатта.
Құжатта елдер Ауғанстандағы жағдайға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқандығы айтылған. Олар барлық тарапты шетелдіктер мен ауған елінен кеткісі келетіндердің қауіпсіз түрде кетуіне жағдай жасауға және құрметтеуге шақырды. Авторлар Ауғанстанда билікке отырғандарға адам өмірін қорғауға, сондай-ақ қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті тез арада қалпына келтіруге жауапты екенін еске салды.