Түркістан облысында сотталған ер адам 5 жасар қызды зорлап өлтірген

739

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында бұрын сотталған ер адам 5 жасар қызды айуандықпен өлтірген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыстық полицейлер 13 шілдеде Сарыағаш аудандық бөліміне әйел бала жоғалғанын хабарлап, арызбен жүгінгенін растады. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаттарымен қыздың мәйітін тапты.


"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр, оқиға орнына полиция басқармасының басшылығы, аудан прокурорының орынбасары және жедел-тергеу тобы аттанды", - делінген хабарламада.


Тергеу барысы Түркістан облысының полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.


Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған.