Әкім мен жергілікті тұрғын арасында төбелес болды
Алматы облысы, Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі жергілікті тұрғынмен төбелесіп қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиғаға қатысты облыс әкімдігі мәлімдеме жасады. Әкімдік мәліметінше, тұрғындардың бірі бекітілген бас жоспарға наразылық білдірген. Жаңа бас жоспар бойынша, азаматтың жер телімі қызыл сызық бойына түсуіне келіспей, жанжал шығарған.
Ауылдық округ әкімдігі бұрынғыдай жұмысын жалғастыруда.
Әкімдік сайтындағы мәліметке сәйкес, Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі қызметін 2023 жылдың ақпан айынан бері Шыңғыс Толымбеков атқарып келеді.